
Жүсіпов Абай Қуатбайұлы
ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция полковнигі.
2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2002 жылы – М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2024 жылы – Ресей ІІМ Басқару академиясын бітірген.
II дәрежелі «Айбын» (2021) орденімен, I (2026), II (2019) және III (2014) дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған
2003 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етеді. Орта және аға басшы құрамның түрлі жедел лауазымдарында жұмыс істеген.
2018-2020 жылдары Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментін басқарған.
2022-2025 жылдары – Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы.
2026 жылдың қаңтар айынан – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы.
2026 жылдың тамыз айынан – ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы.

