Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты

    әкімдік туралы

    «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Костряков ауылдық округі әкімінің және жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Кесте

    2026 жылғы төртінші тоқсанда Костряков ауылдық округі әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі

    Мемлекеттік мекеменің атауы Лауазымы Тегі Аты Әкесінің Аты Қабылдау күні мен уақыты Мекенжайы Қызметтік телефон «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкім Гончарук Светлана Александровна 02,07,09,14,16,21,23,28,30 - 10.2026 ж. 04,06,11,13,18,20,25,27-11.2026 ж. 02,04,09,11,16,18,23,25,30 -12.2026 ж. 09.00-ден -17.30-ге дейін Костряков а. Целинная көшесі, 56 8 /714 42/ 96-6-35 Жеке қабылдауға алдын ала жазылуды Костряков ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.У. Муканова жүргізеді, телефон 8 714 42 96-6-35

    Жарияланды:
    Есеп

    «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің 2026 жылғы 1-жартыжылдық өтініштерімен жұмыс жағдайы туралы

    2026 жылдың 1-жартыжылдығында «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ барлығы 21 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке қабылдауда - 21 өтініш (жеке тұлғалар), жазбаша – 0 (жеке тұлғалар); сұрау салулар – 21; өтініштер – 0; шағымдар - 0; басқалары - 0 (ұсыныс). Барлық өтініштер заңда белгіленген мерзімде қабылданды, тіркелді және қаралды. Құзыреті бойынша келіп түскен өтініштердің жалпы санынан басқа мемлекеттік мекемелерге қайта бағыттау жүргізілген жоқ. Есепті кезеңде өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Талдау кезеңінде шағымдар түскен жоқ. Келіп түскен өтініштермен жұмыс жасау кезінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары сақталады. Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппаратындағы «E-Өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштермен жұмыс жасауға жауапты бас маман Светлана Михайловна Ковальчук.

    Жарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы үшінші тоқсандағы Костряков ауылдық округі әкім аппаратының жеке және заңды тұлғалардын өтініштерін қабылдау КЕСТЕСІ

    2026 жылғы үшінші тоқсандағы Костряков ауылдық округі әкім аппаратының жеке және заңды тұлғалардын өтініштерін қабылдау КЕСТЕСІ Мемлекеттік органың атауы Қабылдау жүргізушінің аты-жөні Қабылдау жүргізушінің лауазымы Қабылдайтын күні мен уақыты Мемлекеттік органың тұрган жері Байланыс телефоны «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкім аппаратының» мемлекеттік мекемесі әкімі Гончарук С. 01,03,08,10,15,17,22,24,29,31. - 07.2026 ж. 05,07,12,14,19,21,26,28 -08.2026 ж. 02,04,09,11,16,18,23,25 -09.2026 ж. 09.00-17.30 дейін Костряков а. Целинная көшесі, 56 8 /714 42/ 96-6-35

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізу туралы

    Ағымдағы 2026 жыл 22 маусымында «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қоғамдық кеңес мүшесінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті. Жария тыңдаулардың қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде уәкілетті органдарға ұсыныстар жіберу тапсырылды.

    Жарияланды:
    Ереже

    «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

    «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер «Федоров ауданының Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты) Костряков ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Әкім аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді. Мемлекеттік органның орыс тіліндегі толық атауы - «Федоров ауданының Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, қазақ тілінде: «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Костряков ауылдық округі, Костряков ауылы, Целинный көшесі, 56, пошталық индексі 111908. Федоров ауданының Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы демалыс және тамақтану үшін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (сенбі және жексенбіні қоспағанда) белгіленеді. «Федоров ауданының Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Жарияланды: