Ағымдағы 2026 жыл 22 маусымында «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қоғамдық кеңес мүшесінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті.
Жария тыңдаулардың қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту және анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде уәкілетті органдарға ұсыныстар жіберу тапсырылды.