«Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

    ·

    «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты»

    мемлекеттік мекемесі туралы

    Ереже

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. «Федоров ауданының Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты) Костряков ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
    2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкім аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
    4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    5. Әкім аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
    6. Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
    7. Мемлекеттік органның орыс тіліндегі толық атауы - «Федоров ауданының Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, қазақ тілінде: «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

    Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Костряков ауылдық округі, Костряков ауылы, Целинный көшесі, 56, пошталық индексі 111908.

    Федоров ауданының Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы демалыс және тамақтану үшін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (сенбі және жексенбіні қоспағанда) белгіленеді.

    1. «Федоров ауданының Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
    2. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
    3. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
    Жүктеу
    1c7453f903e26b66aa77938d75c44d7d_original.33849.docx
    DOCX · 33 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    «Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің 2026 жылғы 1-жартыжылдық өтініштерімен жұмыс жағдайы туралы

    2026 жылдың 1-жартыжылдығында «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ барлығы 21 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке қабылдауда - 21 өтініш (жеке тұлғалар), жазбаша – 0 (жеке тұлғалар); сұрау салулар – 21; өтіні...

    Жарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы үшінші тоқсандағы Костряков ауылдық округі әкім аппаратының жеке және заңды тұлғалардын өтініштерін қабылдау КЕСТЕСІ

    2026 жылғы үшінші тоқсандағы Костряков ауылдық округі әкім аппаратының жеке және заңды тұлғалардын өтініштерін қабылдау КЕСТЕСІ Мемлекеттік органың атауы Қабылдау жүргізушінің аты-жөні Қабылдау жүргізушінің лауазымы Қ...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізу туралы

    Ағымдағы 2026 жыл 22 маусымында «Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қоғамдық кеңес мүшесінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті. Жария...

    Жарияланды: