Сұрақтар мен жауаптар — Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    Рұқсатсыз қандай су айдындарында балық аулауға болады?

    Жауап

    Әуесқойлық (спорттық) аулау облыстың барлық резервтік су айдындарында жүзеге асырылуы мүмкін. Бес килограммға дейінгі балық ресурстарын аулау ешқандай рұқсатсыз тегін жүзеге асырылады. Бесеуден жоғары – жергілікті атқарушы орган беретін рұқсаттар бойынша.

    Сұрақ

    Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты қалай алуға болады?

    Жауап

    Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу үшін сізге: Е-лицензиялау электрондық үкімет порталында электрондық-цифрлық қолтаңба немесе бір реттік СМС-пароль арқылы авторлану; «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінде «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» қызметін таңдау; Пайдалану...

    Сұрақ

    Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемді қалай және қайда жасауға болады?

    Жауап

    Ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ҚР 2017 жылғы 25...