Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жануар мен өсімдік дүниесінің өзге де объектілері салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    Басқарманың миссиясы: орман, аңшылық, балық, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жануар мен өсімдік дүниесінің өзге де объектілері салаларында мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге ықпал ету.

    Міндеттері:

    • жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
    • орман, аңшылық, су, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
    • қоршаған ортаны қорғау сласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

    Сенім телефоны: 8 (7142) 54-01-66

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Рұқсатсыз қандай су айдындарында балық аулауға болады?

    Жауап

    Әуесқойлық (спорттық) аулау облыстың барлық резервтік су айдындарында жүзеге асырылуы мүмкін. Бес килограммға дейінгі балық ресурстарын аулау ешқандай рұқсатсыз тегін жүзеге асырылады. Бесеуден жоғары – жергілікті атқарушы орган беретін рұқсаттар бойынша.

    Сұрақ

    Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты қалай алуға болады?

    Жауап

    Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу үшін сізге: Е-лицензиялау электрондық үкімет порталында электрондық-цифрлық қолтаңба немесе бір реттік СМС-пароль арқылы авторлану; «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімінде «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» қызметін таңдау; Пайдалану түрін таңдау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, мелиоративтік аулау және т.б.); Өтінішті толтыру, су айдынын, балықтың түрін және алып қоюға жоспарланған мөлшерін көрсету, балықшылардың тізімін және мерзімін, сондай-ақ алып қою құралын көрсету; Төлем туралы түбіртекті тіркеп, электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою қажет.

    Сұрақ

    Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемді қалай және қайда жасауға болады?

    Жауап

    Ақы төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ҚР 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Салық кодексіне сәйкес жүргізіледі. Деректемелері: салық органы – Қостанай қаласы бойынша МКБ, БСК (бюджеттік сыныптама коды) – 105311, КТС – 911.

    Хабарландыру

    «Дон» ЖШС

    ХАБАРЛАНДЫРУ «Дон» ЖШС Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алу мақсатында жобалық құжаттама (ШРШ, ӨЭБ, ҚБЖ, ТҚІЖ) бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. Объектінің орналасқан мекенжайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Транспортная көшесі, 21/1. Қоғамдық тыңдауларды өткізу орны, күні және басталу уақыты: 2026 жылғы 14 желтоқсан, сағат 10:00, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Чехов көшесі, 11 (офлайн). Учаскенің географиялық координаттары: 52°57'52.00" С., 63°08'00.3" Ш. Әсер ету аумағының географиялық координаттары, Рудный қаласы: 52°59'10.4" с.е., 63°04'11.7" ш.б. Қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында бейнеконференцбайланыс ұйымдастырудың техникалық мүмкіндігі бар екенін растаймыз. Онлайн қосылу сілтемесі: https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09 Конференция идентификаторы: 387 530 9521. Қолжетімділік коды: uv3JD5. Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың шешімі бойынша ашық жиналысты өткізу мерзімі қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Тіркеу талқылау басталғанға дейін 10 минут бұрын басталады. Қосылу мәселелері бойынша жоспарланып отырған қызметтің бастамашысына хабарласуға болады. Жоспарланып отырған қызметтің бастамашысы: «Дон» ЖШС. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Чехов көшесі, 11. БСН: 051240007540. Тел./факс: +77162760381. Эл. пошта: [email protected]. Мемлекеттік экологиялық сараптама объектілерінің құжаттамасын әзірлеуші – 2007 жылғы 9 қарашада Қоршаған ортаны қорғау министрлігі берген № 01127Р мемлекеттік лицензия негізінде қызметін жүзеге асыратын «Компания Агропромпроект» ЖШС. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуельбеков көшесі, 139, 508-кеңсе. Тел.: +77057457583. Эл. пошта: [email protected]. БСН: 031040002886. Жобалық құжаттама пакетімен https://ndbecology.gov.kz/ порталында, сондай-ақ «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында https://www.gov.kz/org/kostanai-tabigi-resurstar?lang=ru танысуға болады. Жоспарланып отырған қызмет, қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы қосымша ақпарат алу, сондай-ақ жоспарланып отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұрату үшін «Компания Агропромпроект» ЖШС-не хабарласуға болады. Байланыс телефондары/факс: +77162760381, +77057457583. Эл. пошта: [email protected]. Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей https://ndbecology.gov.kz/ порталында, сондай-ақ мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 72, Қостанай облысы әкімдігінің «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, эл. пошта: [email protected], тел.: +7 (7142) 54-61-66.

    Жарияланды:
    Хаттама

    Байдаулет ШҚ

    Қоғамдық талқылау нысанындағы қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары

    Жарияланды:
    Хаттама

    «Агромаркет КЗ» ЖШС

    Қоғамдық талқылау нысанындағы қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары

    Жарияланды:
    Хаттама

    «Агромаркет КЗ» ЖШС

    Қоғамдық талқылау нысанындағы қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    «Сосновый бор» ЖШС

    «Санаторий Сосновый Бор» ЖШС «Қостанай обл. Алтынсарин ауд., Щербаков ауылы, Сосновый бор шипажайының аумағы орналасқан Эмиссиялар нормативтерінің жобасы, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, Рұқсат етілген төгінділердің нормативтері, Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары, Қалдықтарды басқару бағдарламасы, іс-шаралар жоспары жобасы бойынша ашық жиналыстар арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. Учаске орталығының географиялық координаттары: 53°12'48.01"СШ, 64°13'11.68"ВД Әсер ету аумағының географиялық координаттары: Алтынсарин ауд., Щербаков аулы 53°12'48.01"СШ, 64°13'11.68"ВД Қоғамдық тындаулар 2026 жылғы 10 желтоқсандағы сағат 11.00-де өтеді, өткізу орны: Қостанай облысы, Алтынсарин ауд., Щербаков аулы,Сосновый бор шипажайының аумағы мекен-жайы бойынша өтеді. Тыңдаулар гибридті форматта өткізіледі, қатысу үшін жағары көрсетілген мекен-жайға келу немесе қосымшасын жүктеу қажет ZOOM Meeting Cloud: https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09 Сәйкестендіргіші: 387 530 9521 Құпия сөз: uv3JD5 Бастамашы – «Санаторий Сосновый Бор» ЖШС, Қостанай обл., Алтынсарин ауд., Щербаков аулы,Сосновый бор шипажайы., тел.: 87084750161. Жобаны әзірлеуші Сатемиров Т.Б. ЖК, Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 155 үй, 33 оф., тел.: 87084750161. Материалдармен «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банк» https://hearings.ndbecology.gov.kz/ сайтында танысуға болады және https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar?lang=ru танысуға болады. Қосымша ақпарат: тел. 87084750161, [email protected] Ескертулер мен ұсыныстар Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ММ, Қостанай қ, Тәуелсіздік к, 72 үй, тел.: 87142546166, электрондық мекенжайы: [email protected]

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Хабалкин Станислав

    Хабарландыру Хабалкин Станислав Васильевич «Меңдіқара ауданының Боровской ауылында ағаш көмірін өндіру» объектісіне әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін әзірленген экологиялық құжаттама материалдары бойынша ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды. Объектінің географиялық координаттары: 53.788569, 64.207592. Әсер ету аумағы – Боровской ауылы. Географиялық координаттары: 53.805707, 64.175401. Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 11 желтоқсанда сағат 15:00-де өтеді. Өткізілетін мекенжайы: Меңдіқара ауданы, Боровской ауылдық округі, Боровской ауылы, Жеңіс көшесі, 5, әкім кабинеті. Қоғамдық тыңдауларға онлайн қатысу үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет: https://zoom.us/j/3875309521?pwd=ZWZra1Q5MTV6V0ltSU9wZVZZTDZCZz09 Конференция идентификаторы: 387 530 9521. Кіру коды: uv3JD5. Тапсырыс берушінің деректемелері: Хабалкин Станислав Васильевич, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Гоголь көшесі, 108. . Тел.: 87776374744. Құжаттаманы әзірлеуші: «Ахтямов В.Р.» ЖК, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Жамбыл ауылы, Садовая көшесі, 347/2,Тел.: 87754104994, электрондық пошта: [email protected]. Қоғамдық тыңдаулар материалдарымен Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкінің https://ndbecology.gov.kz сайтында және Қостанай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tabigi-resurstar сайтында танысуға болады. Жоба бойынша қосымша ақпаратты 87754104994 телефоны немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы алуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды «Қостанай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ қабылдайды. Электрондық пошта: [email protected], тел.: 87142 546166.

    Жарияланды: