Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Қалиев Арман Зарлықұлы
    Комитет Төрағасы

    Қалиев Арман Зарлықұлы

    Комитет Төрағасы

    Қалиев Арман Зарлықұлы 1973 жылы 11 қыркүйекте Ақтөбе қаласында туылды, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ. 1991 жылы Шымкент қаласындағы Республикалық әскери мамандандырылған мектеп-интернатын бітірді. Білімім жоғары әскери, 1995 жылы Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын бітірді. 2002-2005 жылдар аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында Федералдық қауіпсіздік қызметінің Федералдық шекара қызметі академиясында оқып, алтын медальмен аяқтады. 2015-2018 жылдар аралығында Беларусь Республикасы Минск қаласы Қарулы Күштері Бас штабының академиясында оқыды.

    Советов Алексей Сергеевич
    Төрағаның орынбасары

    Советов Алексей Сергеевич

    Төрағаның орынбасары

    Полковник Советов Алексей Сергеевич 1977 жылғы 19 шілдеде Көкшетау облысының Көкшетау қаласында туған. 1999 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, 2008 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау Академиясын (үздік диплом және алтын медальмен) бітірді, білімі бойынша мамандығы «инфрақұрылымдағы экономика және басқару», «азаматтық қорғау командалық-штабтық жедел-тактикалық». ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталды.

    Басқа қызметкерлер

    3