
Өмірбаян
Қалиев Арман Зарлықұлы 1973 жылы 11 қыркүйекте Ақтөбе қаласында туылды, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ.
1991 жылы Шымкент қаласындағы Республикалық әскери мамандандырылған мектеп-интернатын бітірді.
Білімім жоғары әскери, 1995 жылы Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын бітірді.
2002-2005 жылдар аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында Федералдық қауіпсіздік қызметінің Федералдық шекара қызметі академиясында оқып, алтын медальмен аяқтады.
2015-2018 жылдар аралығында Беларусь Республикасы Минск қаласы Қарулы Күштері Бас штабының академиясында оқыды.
Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде 1995 жылдың қаңтарында Семей облысы Мақаншы шекара отряды шекара заставасы бастығының орынбасары қызметінен бастады.
1995 жылғы қаңтардан 2020 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіндегі әртүрлі басшылық қызметтерін атқарды.
2022 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы қазанға дейін Мемлекеттік күзет қызметінде ерекше мақсаттағы күштер қолбасшысының орынбасары - штаб бастығы лауазымында қызмет өткерді.
2024 жылғы қазаннан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасы болып тағайындалды.
