
Өмірбаян
Полковник Советов Алексей Сергеевич 1977 жылғы 19 шілдеде Көкшетау облысының Көкшетау қаласында туған.
1999 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, 2008 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау Академиясын (үздік диплом және алтын медальмен) бітірді, білімі бойынша мамандығы «инфрақұрылымдағы экономика және басқару», «азаматтық қорғау командалық-штабтық жедел-тактикалық».
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталды.
1999-2001 жылдар аралығында ҚР ТЖА Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының ақпарат, байланыс және құлақтандыру бөлімінің аға офицері.
2001-2005 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының ақпарат, байланыс және құлақтандыру бөлімінің аға офицері.
2005-2009 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің байланыс, ақпараттандыру және хабардар ету бөлімінің бастығы.
2009-2010 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел ден қою департаментінің аға офицері.
2010-2012 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің Авариялық-құтқару жұмыстарының құралдары және күштері басқармасының бастығы.
2012-2014 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің Авариялық-құтқару жұмыстарының құралдары және күштері басқармасы бастығы - директорының орынбасары.
2014 жылдың шілде-қазан аралығында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің директоры.
2014 жылдың қазан айынан 2016 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы;
2016 жылдың наурыз айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары
