Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Департамент туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау, салықтардың, кеден және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстаудың, аударудың толықтығымен уақыттылығын қамтамасыз ету.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп мәселелері бойынша іс-шара өтті

    Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және әдеп кодексінің талаптары бойынша департамент басшысының орынбасары әдеп жөніндегі уәкіл А.Шакированың төрағалығымен іс-шара өтті. Іс-шараға Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы арнайы қатысты. Іс-шараның басты мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, ұжымда қызметтік әдеп нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болып табылады. Іс-шара соңында департамент қызметкерлері спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заңнама аясында тұшымды жауаптар алды. Мұндай профилактикалық шаралар ұжымдағы ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

    16 қазан 2026 ж.Тікелей
    г.Кызылорда пр.Н.Назарбаева 23 - Здание ДГД по Кызылординской области
    ОтырысАяқталды

    Салық мамандарымен кездесу

    2026 жылғы 8 қыркүйекте Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Г. Шортанбаева Қазалы ауданына қатысты ауылдық округтеріндегі салық мамандарымен кездесті. Бұл жиын ауылдық деңгейдегі салықтық түсімдерді тиімді жинауды ұйымдастыру және жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру базасын нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Ауылдық округтердегі мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдарына салынатын салықтардың жиналу барысы сараланды. Салық базасын нақтылау мақсатында тіркелмеген нысандарды есепке алу тапсырылды. Салық мамандары мен ауыл әкімдіктері арасындағы ақпараттық байланысты күшейту және салық салу объектілері бойынша мәліметтерді тұрақты жаңартып отыру мәселесі сөз болды.

    14 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Брифинг

    Бүгін Қызылорда облысы бойынша МКД басшысының орынбасары - А . С. Елеманов БАҚ өкілдеріне Департаменттің 2026 жылдың І - жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді . Сонымен қатар , Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына қатысты сұхбат берді . БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді .

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Проведена техническая учеба

    Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Департамент басшысының міндетін атқарушы А . С. Елемановтың төрағалығымен " ашықтық индексінің көрсеткіштерін енгізу , Қазақстан Республикасы Әкімшілік - процестік кодексінің талаптарын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қағидалардың талаптарын сақтау мәселелері " тақырыбында техникалық тренинг өткізілді . Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығы " . Іс- шара барысында " Электрондық петиция " ақпараттық жүйесінде өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі , әкімшілік рәсімдерді орындау , заңнама талаптарын сақтау , сондай -ақ ең көп таралған проблемалар мен олардың алдын алу тәсілдері егжей- тегжейлі түсіндірілді . Техникалық тренинг нәтижесінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, " ашықтық индексі " көрсеткіштерінің сапалы орындалуына тұрақты бақылауды қолдау және түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты нұсқаулар берілді .

    20 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша тікелей эфир өтті!

    Тікелей эфир өткізілді ! Тақырыбы : жаңа Салық кодексіне өзгерістер спикер : аудит басқармасының басшысы - Ибраимов Мейрамбек Мұхтарұлы Модератор : түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы - Қарымсақова Гүлсара Рашидқызы толық ақпаратты Mkd_kzo Instagram - желісінен көруге болады !

    9 маусым 2026 ж.Тікелей
    Қызылорда облысы бойынша МКД ғимараты
    ОтырысАяқталды

    "Qyzylorda"телеарнасының "Қайырлы күн, Қызылорда" бағдарламасына сұхбат!

    Қызылорда облысы бойынша МКД басқарма басшысы -Г.Қарымсақова "Qyzylorda TV" телеарнасында "Қайырлы күн Қызылорда!" бағдарламасына "Жаңа Салық кодексіндегі жаңалықтар" тақырыбында сұхбат берді. Толығырақ: "Қызылорда Мемлекеттік кірістер департаменті" facebook парақшасынан көре аласыздар

    9 маусым 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Ақпарат

    Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік бюджеттің 01.10.2026 ж. жағдайына орындалуы

    Мемлекеттік бюджетке межеленген жоспары 98,5% орындалып, бюджет жоспарнан 3млрд.796 млн.тгкем түсті (жоспар 246 млрд. 123 млн.тг, нақты түсім 242 млрд. 327 млн.тг). Түсімдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61 млрд. 422 млн.тг азайып, 79,8% құрады (01.10.2025ж – 303 млрд. 749 млн.тг). Республикалық бюджет: Жоспары 148 млрд. 951 млн.тенгені құрап, нақты 150 млрд. 382 млн.тг. түсті. Бюджетке 1 млрд. 430 млн.тг. түсім артып немесе101,0%орындалды. Түсімдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 млрд. 253 млн.тг.азайып,73,5%құрады (01.10.2025ж – 204 млрд. 635 млн.тг). Жергілікті бюджет: Жоспары 97 млрд. 171 млн.тг болып, нақты 91 млрд. 945 млн.тг. түсті. Бюджетке 5 млрд. 226 млн.тг. кем немесе 94,6% орындалды. Түсімдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 млрд. 169 млн.тгазайып, өсу қарқыны 92,8% құрады (01.10.2025ж – 99 млрд. 114 млн.тг).

    Жарияланды:
    Ақпарат

    01.10.2026 жылдың жағдайға ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру бағыты бойынша мәліметтер

    01.10.2026 жылдың жағдайға Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарлардан бюджетке жалпы сомасы 24 10,143 млн.теңге ҚҚС түсім түсті Салықтық әкімшілендіру бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде аталған салық түрінен бюджетке 94,684 млн.теңге қосымша түсімдер түсті.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    01.09.2026 жылдың жағдайға ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру бағыты бойынша мәліметтер

    01.09.2026 жылдың жағдайға Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарлардан бюджетке жалпы сомасы 2 130,744 млн.теңге ҚҚС түсім түсті Салықтық әкімшілендіру бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде аталған салық түрінен бюджетке 94,326млн.теңге қосымша түсімдер түсті.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    01.08.2026 жылдың жағдайға ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру бағыты бойынша мәліметтер

    01.08.2026 жылдың жағдайға Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарлардан бюджетке жалпы сомасы 1 841,646 млн.теңге ҚҚС түсім түсті Салықтық әкімшілендіру бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде аталған салық түрінен бюджетке 93,699млн.теңге қосымша түсімдер түсті.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    01.07.2026 жылдың жағдайға ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру бағыты бойынша мәліметтер

    01.07.2026 жылдың жағдайға Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарлардан бюджетке жалпы сомасы 1 594,728 млн.теңге ҚҚС түсім түсті Салықтық әкімшілендіру бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде аталған салық түрінен бюджетке 93,699млн.теңге қосымша түсімдер түсті.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    01.06.2026 жылдың жағдайға ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру бағыты бойынша мәліметтер

    01.06.2026 жылдың жағдайға Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарлардан бюджетке жалпы сомасы 990,614 млн.теңге ҚҚС түсім түсті Салықтық әкімшілендіру бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде аталған салық түрінен бюджетке 89,009млн.теңге қосымша түсімдер түсті.

    Жарияланды: