КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ: КӘСІПКЕР НЕНІ БІЛУІ ҚАЖЕТ?

    Камералдық бақылау салық төлеушіге бармай-ақ, мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жүргізіледі.

    Бақылау барысында салық есептілігінің деректері және мемлекеттік кірістер органдарындағы басқа да мәліметтер салыстырылады.

    Егер алшақтықтар анықталса, салық төлеушіге хабарлама жіберіледі.

    🔴 Хабарлама алған жағдайда, оны елемеуге болмайды.

    Қажет:

    1. Анықталған алшақтықты мұқият зерделеу.
    2. Өз есептілігінің және құжаттарының деректерін тексеру.
    3. Қажет болған жағдайда бұзушылықты жою.
    4. Немесе алшақтықтың себептерін көрсете отырып, түсініктеме ұсыну.

    💡 Маңызды: камералдық бақылау туралы хабарлама — анықталған алшақтықты тексеріп, заңнамада көзделген әрекеттерді уақтылы орындау қажеттігін білдіреді.

    Негізі: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 136–137-баптары.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары