Сұрақтар мен жауаптар — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    Көлік құралдары үшін салынатын салықтың қарызын қалай төлеймін?

    Жауап

    Барлық екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы төлей аласыз немесе Кірістер органдарына келіп есептетіп, КазПочта Кассасы арқылы төлем жасауға болады.

    Сұрақ

    Жеке кәсіпкерлігімді жапқым келеді, қандай құжаттар керек?

    Жауап

    Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатуға электронды түрде салықтық тексеруге салықтық өтініш, тарату бойынша салық есептілігін тапсыру қажет.

    Сұрақ

    Мен жеке кәсіпкермін, жалпыға бірдей декларацияны тапсыру міндеттілігіме жата ма?

    Жауап

    270.00 нысанды жалпыға бірдей декларацияны мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар, шел мемлекеттерде есеп шоттары бар тұлғалар, 20 000 АЕК ірі мүлік сатып алған тұлғалар ғана тапсыруға жатады.