Қызметкерлер — Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Досаев Тлектес Темирбекович
    Басқарма басшысы

    Досаев Тлектес Темирбекович

    Басқарма басшысы

    Досаев Тлектес 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппаратында, одан кейін Қарағанды облысы әкімінің аппаратында бас маман, бөлім басшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 2009 жылдан 2015 жылға дейін Шахтинск және Приозерск әкімдерінің орынбасары болды, «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің бөлімін басқарды, «Қарағанды облысының құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің басшысының орынбасары лауазымын атқарды. Содан кейін «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басқарды. 2017 жылдан 2023 жылға дейін Қаражал қаласының әкімі болып жұмыс істеді. 2023 жылдың тамыз айынан бастап осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі болды. 2024 жылғы 19 ақпаннан бастап «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің басшысы.

    Ермекбаев Дастан Тулеубаевич
    Қызметкерлер

    Ермекбаев Дастан Тулеубаевич

    Басшының орынбасары

    1989 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша (экономика және бизнес бакалаврын) аяқтаған. Қарағанды «Болашақ» университетін «Экономика» мамандығы бойынша (экономика және бизнес магистрін) аяқтаған. Қарағанды «Болашақ» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша (құқық бакалаврын) аяқтаған.

    Акпаров Бакытбек Кенжебекович
    Басшының орынбасары

    Акпаров Бакытбек Кенжебекович

    Басшының орынбасары

    1991 жылы 24 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін Құрылыс мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы тамызға дейін «Герат-ПВ» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері болып жұмыс істеді. 2015 жылғы ақпаннан 2015 жылғы шілдеге дейін «Саран қаласының құрылыс бөлімі» ММ құрылыс инженері ретінде жұмыс істеді. 2015 жылғы тамызда «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не бас маман болып қабылданды, 2018 жылғы сәуірден 2022 жылғы қарашаға дейін «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы лауазымында жұмыс істеді. 2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы желтоқсанға дейін «Саран қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істеді. 2025 жылғы 17 ақпаннан 2026 жылғы 29 маусымға дейін «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2026 жылғы 30 маусымнан бастап «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    Бөлім

    4