
Өмірбаян
Досаев Тлектес 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппаратында, одан кейін Қарағанды облысы әкімінің аппаратында бас маман, бөлім басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
2009 жылдан 2015 жылға дейін Шахтинск және Приозерск әкімдерінің орынбасары болды, «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің бөлімін басқарды, «Қарағанды облысының құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-нің басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
Содан кейін «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басқарды.
2017 жылдан 2023 жылға дейін Қаражал қаласының әкімі болып жұмыс істеді.
2023 жылдың тамыз айынан бастап осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі болды.
2024 жылғы 19 ақпаннан бастап «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің басшысы.
