
Акпаров Бакытбек Кенжебекович
Басшының орынбасары
Өмірбаян
1991 жылы 24 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін Құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы тамызға дейін «Герат-ПВ» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері болып жұмыс істеді.
2015 жылғы ақпаннан 2015 жылғы шілдеге дейін «Саран қаласының құрылыс бөлімі» ММ құрылыс инженері ретінде жұмыс істеді.
2015 жылғы тамызда «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не бас маман болып қабылданды, 2018 жылғы сәуірден 2022 жылғы қарашаға дейін «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы лауазымында жұмыс істеді.
2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы желтоқсанға дейін «Саран қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істеді.
2025 жылғы 17 ақпаннан 2026 жылғы 29 маусымға дейін «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2026 жылғы 30 маусымнан бастап «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.

