Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімдігі

    Әкімдік туралы

    «Тоғызқұдық ауылдық округі әкімдігі» мемлекеттік мекемесі Тоғызқұдық ауылдық округі әкімінің және жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Мемлекет «Тоғызқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады. Құрылтайшының құқықтары мемлекет атынан «Тоғызқұдық ауылдық округі әкімдігі» мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Ұлттық рух пен ұрпақ сабақтастығы – ұлы жырда!

    Ұлттық рух пен ұрпақ сабақтастығы – ұлы жырда! 17 қараша күні «Тұлпар мініп, ту алған» жобасы аясында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айту бойынша өткен облыстық байқаудың І кезеңінде Ж. Аймауытұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда: Коля Аружан – 9-сынып оқушысы, ІІ орын; Жақсыкелді Інжу – 7-сынып оқушысы, ІІІ орын. Батырлар жырын жатқа айту – жас ұрпақтың ұлттық әдеби мұраға деген құрметін арттырып, тарихи санасы мен рухани құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Осындай байқаулар арқылы өскелең ұрпақ халқымыздың бай ауыз әдебиетімен танысып, ұлттық дәстүр мен рухани мұраны дәріптеуге мүмкіндік алады. Оқушылардың бұл жетістігі – олардың табандылығы мен ізденісінің, сондай-ақ ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Жас дарындарды байқауға дайындаған ұстаздар Айжан мен Бұлбұлға алғыс білдіреміз. Ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіріп, жас буынның әдебиетке, тарихқа және туған халқына деген сүйіспеншілігін арттыру жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз! Жүлдегер оқушыларымыз Аружан мен Інжуге алдағы кезеңдерде сәттілік, шығармашылық шабыт және жаңа жеңістер тілейміз! Ұлттық мұраны ұлықтаған ұрпақ – ел болашағының жарқын кепілі!

    23 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

    Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара 2026 жылғы 24 қазанда Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара аясында Тоғызқұдық ауылының тұрғыны Тумар Аянагүлге «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Марапатты аудан әкімі Ерлан Құсайын табыстады. Бұл жоғары марапат – аналық еңбектің, ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлестің және отбасы құндылықтарын дәріптеудегі еңбектің лайықты бағасы. Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйде, салтанатты жағдайда өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекелерінің бірі – Республика күнінің маңызын айшықтай түсті. Тумар Аянагүлді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық, бақ-береке тілейміз!

    6 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    "Жыл үздігі"

    Бүгін Ж.Аймауытұлы атындағы ЖББМ қабырғасында өткен «Жыл үздігі» марапаты — мектеп өміріндегі ерекше әрі маңызды шаралардың бірі болды. Осы мәртебелі марапатқа ие болған ұстаздар мен оқушыларды шын жүректен құттықтаймын! Білім мен тәрбиені қатар алып жүрген барша педагогтердің еңбектері әрдайым жемісті болсын. Бұл жетістік — табандылық пен тынымсыз еңбектің, ізденіс пен жауапкершіліктің айқын нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, мектептің ғана емес, елдің мақтанышына айнала беріңіздер! Жеңістеріңіз көп болып, алар асуларыңыз әрдайым биік болсын! #мектепмақтанышы

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    "Өрт қауіпсіздігі және аумақтардың санитарлық жағдайын сақтау"

    "Көктемгі екі айлық және өрт қауіпсіздігі" Көктемгі екі айлық аясында округ тұрғындарына ақпараттық жадынамалар таратылды. Бұл материалдар өрт қауіпсіздігі және аумақтардың санитарлық жағдайын сақтау мәселелеріне арналған. Бұл ұсынымдар әрқайсымызға тек тазалықты сақтауға ғана емес, сонымен қатар өрттің алдын алуға көмектеседі. Жадынамада не бар? • тұрмыста және ашық аумақтарда өрттің алдын алу шаралары • отты және электр құралдарын қауіпсіз пайдалану бойынша кеңестер • өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі Көктемгі екі айлық — бұл аумақтарды тазалау мен абаттандырудың белсенді кезеңі. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау — өмірді, денсаулықты және мүлікті қорғаудың кепілі. Акция барысында жадынамалар көптеген тұрғындарға таратылды. Бұл — қауіпсіз әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Қосылыңыз! Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, өз аумағыңызда тазалықты қамтамасыз етіңіз және маңызды ақпаратты жақындарыңызбен бөлісіңіз.

    21 сәуір 2026 ж.Тікелей
    «Тогызкудукский сельский округ»