Ұлттық рух пен ұрпақ сабақтастығы – ұлы жырда!
17 қараша күні «Тұлпар мініп, ту алған» жобасы аясында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айту бойынша өткен облыстық байқаудың І кезеңінде Ж. Аймауытұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда:
- Коля Аружан – 9-сынып оқушысы, ІІ орын;
- Жақсыкелді Інжу – 7-сынып оқушысы, ІІІ орын.
Батырлар жырын жатқа айту – жас ұрпақтың ұлттық әдеби мұраға деген құрметін арттырып, тарихи санасы мен рухани құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Осындай байқаулар арқылы өскелең ұрпақ халқымыздың бай ауыз әдебиетімен танысып, ұлттық дәстүр мен рухани мұраны дәріптеуге мүмкіндік алады.
Оқушылардың бұл жетістігі – олардың табандылығы мен ізденісінің, сондай-ақ ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Жас дарындарды байқауға дайындаған ұстаздар Айжан мен Бұлбұлға алғыс білдіреміз. Ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіріп, жас буынның әдебиетке, тарихқа және туған халқына деген сүйіспеншілігін арттыру жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Жүлдегер оқушыларымыз Аружан мен Інжуге алдағы кезеңдерде сәттілік, шығармашылық шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!
Ұлттық мұраны ұлықтаған ұрпақ – ел болашағының жарқын кепілі!