Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара
2026 жылғы 24 қазанда Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара аясында Тоғызқұдық ауылының тұрғыны Тумар Аянагүлге «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Марапатты аудан әкімі Ерлан Құсайын табыстады.
Бұл жоғары марапат – аналық еңбектің, ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлестің және отбасы құндылықтарын дәріптеудегі еңбектің лайықты бағасы.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл күйде, салтанатты жағдайда өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекелерінің бірі – Республика күнінің маңызын айшықтай түсті.
Тумар Аянагүлді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық, бақ-береке тілейміз!