Ұлттық рух пен ұрпақ сабақтастығы – ұлы жырда!

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Ұлттық рух пен ұрпақ сабақтастығы – ұлы жырда!

    17 қараша күні «Тұлпар мініп, ту алған» жобасы аясында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айту бойынша өткен облыстық байқаудың І кезеңінде Ж. Аймауытұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

    Атап айтқанда:

    • Коля Аружан – 9-сынып оқушысы, ІІ орын;
    • Жақсыкелді Інжу – 7-сынып оқушысы, ІІІ орын.

    Батырлар жырын жатқа айту – жас ұрпақтың ұлттық әдеби мұраға деген құрметін арттырып, тарихи санасы мен рухани құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Осындай байқаулар арқылы өскелең ұрпақ халқымыздың бай ауыз әдебиетімен танысып, ұлттық дәстүр мен рухани мұраны дәріптеуге мүмкіндік алады.

    Оқушылардың бұл жетістігі – олардың табандылығы мен ізденісінің, сондай-ақ ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.

    Жас дарындарды байқауға дайындаған ұстаздар Айжан мен Бұлбұлға алғыс білдіреміз. Ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіріп, жас буынның әдебиетке, тарихқа және туған халқына деген сүйіспеншілігін арттыру жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!

    Жүлдегер оқушыларымыз Аружан мен Інжуге алдағы кезеңдерде сәттілік, шығармашылық шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!

    Ұлттық мұраны ұлықтаған ұрпақ – ел болашағының жарқын кепілі!

    Ұқсас материалдар

    ҚұттықтауАяқталды

    Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

    Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара 2026 жылғы 24 қазанда Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара аясында Тоғызқұдық ауылының тұрғыны Тумар Аянагүлге «Күміс алқа» мемлекеттік н...

    ҚұттықтауАяқталды

    "Жыл үздігі"

    Бүгін Ж.Аймауытұлы атындағы ЖББМ қабырғасында өткен «Жыл үздігі» марапаты — мектеп өміріндегі ерекше әрі маңызды шаралардың бірі болды. Осы мәртебелі марапатқа ие болған ұстаздар мен оқушыларды шын жүректен құттықтаймын! Білім мен тәрбиені қатар алып жүрген барша педагогтердің еңбектері әрдайым жемісті болсын. Бұл жеті...

    БасқаАяқталды

    "Өрт қауіпсіздігі және аумақтардың санитарлық жағдайын сақтау"

    "Көктемгі екі айлық және өрт қауіпсіздігі" Көктемгі екі айлық аясында округ тұрғындарына ақпараттық жадынамалар таратылды. Бұл материалдар өрт қауіпсіздігі және аумақтардың санитарлық жағдайын сақтау мәселелеріне арналған. Бұл ұсынымдар әрқайсымызға тек тазалықты сақтауға ғана емес, сонымен қатар өрттің алдын алуға көм...