Қызметкерлер — "Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

    "Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" ММ басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Қасымбеков Бахтияр Кеңесұлы
    Әкім

    Қасымбеков Бахтияр Кеңесұлы

    Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі

    Бахтияр Кеңесұлы 1993 жылы Іле ауданы, М.Түймебаев ауылында туған. 2015 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын «Аксай Тас - Кум» ЖШС, кеңсе бөлімінің маманы болып бастаған. Әр жылдары «КазАвтоТехосмотр» ЖШС, кеңсе бөлімінің басшысы, «Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жетекші маманының м.а, «Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жетекші маманы, ҚР ҚАӨМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжат айналым сарапшысы, ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті әкімшілік - кадрлық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті әкімшілік - кадрлық жұмыс басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарған. 2019 - 2023 жылдар аралығында басшылық қызметте атқарған. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Әкімшілік жұмысы департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету және орындаушылық тәртіпті бақылау басқармасының басқарма басшысы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Әкімшілік жұмысы департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті құжат айналымы басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек еткен. 2023 жылдың 15 қарашасынан бастап, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

    Бурхина Кенжегүл Муратбекқызы
    Әкімінің орынбасары

    Бурхина Кенжегүл Муратбекқызы

    Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Бурхина Кенжегул Мұратбекқызы – 1987 жылы, Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында туылған. 2009 жылы Қазақ ұлттық университетінің «Агроинженерия» мамандығын тәмамдаған. 2011 жылы Алматы қаласы Қазақ транспорт және коммуникация академиясына сырттай оқу жүйесіне түсіп экономика мамандығын тәмамдаған. 01.07.2009 – 05.07.2011 жылдары «Алтай және Ко2007» ЖШС бақылаушы – кассир Алматы қаласы. 07.08.2010 – 01.07.2011 жылдары М.Түймебаев ауылы, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппартының жетекші маманының м.а. 01.07.2011 – 13.09.2011 жылдары М.Түймебаев ауылы, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппартының жетекші маманы. 13.09.2011 – 18.05.2015 жылдары жылдары М.Түймебаев ауылы, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппартының бас маманы. 2015 жылдан 18 мамырдан бастап Ащыбұлақ ауылдық округінің округі әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

    Қожатаев Азамат Төлебайұлы
    Әкімінің орынбасары

    Қожатаев Азамат Төлебайұлы

    Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары

    Қожатаев Азамат Толебайұлы - 1993 жылы, Іле ауданы КазЦИК ауылында туылған. 2016 жылы Қазақ қатынас жолдары университетінің есеп және аудит мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 02.09.2016 - 09.07.2019 жылдары "Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі техник-операторы болып бастаған. 10.07.2019 - 15.09.2019 жылдары"Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бас маманының м.а. 16.09.2019 - 31.10.2021 жылдары "Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы. 01.09.2022 - 16.10.2022 жылдары Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы азаматтық интеграция бөлімі бас маманының м.а. 17.10.2022 - 13.10.2024 жылдары Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы азаматтық интеграция бөлімінің бас маманы. 15.10.2024 - 17.03.2025 жылдары ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қаржылық есептіліктің аудиті бөлімінің бас маманы - мемлекеттік аудитордың ассистенті. 2025 жылдың 4 сәуірінен бастап Ащыбұлақ ауылдық округінің округі әкімінің орынбасары болып тағайындалды.