
Қожатаев Азамат Төлебайұлы
Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Қожатаев Азамат Толебайұлы - 1993 жылы, Іле ауданы КазЦИК ауылында туылған.
2016 жылы Қазақ қатынас жолдары университетінің есеп және аудит мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 02.09.2016 - 09.07.2019 жылдары "Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі техник-операторы болып бастаған.
10.07.2019 - 15.09.2019 жылдары"Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бас маманының м.а.
16.09.2019 - 31.10.2021 жылдары "Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
01.09.2022 - 16.10.2022 жылдары Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы азаматтық интеграция бөлімі бас маманының м.а.
17.10.2022 - 13.10.2024 жылдары Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы азаматтық интеграция бөлімінің бас маманы.
15.10.2024 - 17.03.2025 жылдары ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қаржылық есептіліктің аудиті бөлімінің бас маманы - мемлекеттік аудитордың ассистенті.
2025 жылдың 4 сәуірінен бастап Ащыбұлақ ауылдық округінің округі әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

