"Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

    Әкімдік туралы

    Ащыбұлақ ауылдық округі — Алматы облысы Іле ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Төле би, Мұхаметжан Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар ауылдары кіреді. Орталығы - Мұхаметжан Түймебаев ауылы. Округтің тарихына үңілсек тұрғындарының ерлікке парапар жасампаз еңбегінің жетістігіне толы тарихына тәнтті боласыз.Округ орталығы Түймебаев атындағы ауыл 1927-1928-шы жж. «№13 Каучук совхозы» деп аталған. 1944-1948 жж. «Плодоовощной» совхозы,1948 ж. бастап «Винсовхоз» 1-ші бөлімі деп аталып, 1977ж. «Винсовхоз» болып аталды.Киелі мекеннен еңбегімен ер атанған талай азаматтар шықты.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    «Іле ауданы әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарландыру 2026 жылғы 08 шілдеде сағат 10.00-де Алматы облысы, Іле ауданы, М. Түймебай ауылы, Тәулсіздік көшесі, №68 мекен-жайы бойынша «Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жоспарланған. Қосымша ақпарат пен сұраулар үшін 8-72752-71 -5-84 телефонына қоңырау шалыңыз

    Ашу

    ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылғы 1–31 шілде аралығында Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі , Тәуелсіздік көшесі, 68. Қосымша ақпарат алу және туындаған сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 71 -5-84, +7 708 763 4584 бас маман Әбдіқадіров Аян Дастанұлы.

    Сұрақ-жауап

    Басқа

    Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурста «Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған нақтылау кезеңіндегі азаматтық бюджеті орналастырылды. Азаматтық бюджет мемлекеттік мекеме бюджетінің қалыптастырылуы мен нақтылануы, шығыстардың негізгі бағыттары, сондай-ақ іс-шараларды іске асыруға және мемлекеттік мекеменің қызметін қамтамасыз етуге көзделген бюджет қаражатының көлемдері туралы ақпаратты қамтиды. Құжатпен «Ашық бюджеттер» интернет-порталындағы «Азаматтық бюджет» бөлімінде мына мекенжай бойынша танысуға болады: "https://budget.egov.kz/"

    Жарияланды:
    Мемлекеттік қызмет паспорты

    Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурста «Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттары орналастырылды. Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттері, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері, бюджет қаражатының көлемдері, сондай-ақ тиісті жоспарлы кезеңге арналған оларды пайдалану бағыттары туралы ақпарат қамтылған. Сондай-ақ құжаттармен «Ашық бюджеттер» интернет-порталындағы «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде мына мекенжай бойынша танысуға болады: https://budget.egov.kz/"

    Жарияланды: