Шахтинск қаласын, Шахан, Долинка, Новодолинский кенттері тұрғындарының назарына!
Сіздерді 2026 жылғы 28 тамызда «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де өтетін «Қызмет алушы күні» іс-шарасына қатысуға шақырамыз! Іс-шара барысында келушілер сәулет және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша кеңестер ала алады. Өткізілетін орны: Шахтинск қаласы, Қазақстандық көшесі, 101-үй Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Шахтинск қаласы әкімінің аппараты.