Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 385/16 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне сәйкес Шахтинск қаласының және оған іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінің аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға), чекті немесе шот-фактураны (жылыту маусымына есептегенде -7 ай) көрсете отырып, нақты шығыстар бойынша қатты отынды тұтынуды төлеуге әлеуметтік көмек көзделген - 16 айлық есептік көрсеткіш.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан уәкілетті органға нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір жарым еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжатты ұсынады.