Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталы немесе ХҚКО арқылы мүлікке (тұрғын үйге) өтініш пен құжаттарды қоса бере отырып, электрондық түрде ұсынылады.
Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру/жою мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
- «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметіне өтініштер қабылдау;
- Объектінің орналасқан жеріне бара отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру үшін фотофиксациямен тексеру актісін жасау;
- Бұйрық қалыптастырылады және «Мекенжай тіркелімі» АЖ деректер енгізіледі;
- Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды.
«Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметіне өтінішті қараудың жалпы мерзімі Астана қаласы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 3 (үш) жұмыс күнін және аудандар үшін 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Жылжымайтын мүлік объектісіне – тұрғын үйге тұрақты мекенжай беріледі.