Құрылым — Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құзыреті шегінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде, қосымша білім беру, балалар мен педагогтердің құқықтарын қорғау саласында, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметіне қатысты іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын государственный орган болып табылады, сондай-ақ ведомствоның құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.