Қызметкерлер — Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы

    Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Мұқанали Асыл Бағдатұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Мұқанали Асыл Бағдатұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    1997 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (электр энергетикасы), 2014–2018 жж.; Қазақ аграрлық университеті (электр энергетикасы), 2018–2020 жж.; М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (құқықтану), 2020–2022 жж. Әскери атағы: лейтенант. Мамандығы: электр энергетикасы, құқықтану.

    Бөлім

    3
    Әділет Ержан Бейбітұлы
    Бөлім басшысы

    Әділет Ержан Бейбітұлы

    Бөлім басшысы

    1997 жылғы 21 маусымда Шығыс Қазақстан облысы (қазіргі Абай облысы) Аягөз ауданының Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Электроэнергетика саласында екі жоғары білімі және магистр дәрежесі бар: 2019 жылы Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша тәмамдады. 2021 жылы аталған университеттің «Электроэнергетика» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді. 2023 жылы «Alikhan Bokeikhan University» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2015 жылы «Құрылыс-сәулет» ЖШС-інде офис-менеджер қызметінен бастады. 2019–2022 жылдары Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алатау дәстүрлі өнер театры» КГКП-де маман, кейін мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2022–2024 жылдары Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2024 жылғы 14 сәуірден бастап Алматы облысының Энергетика және су жабдықтау басқармасының энергетика және жылумен қамту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Басқа қызметкерлер

    1
    Үтелбаев Рұслан Бейсембайұлы
    Басшы

    Үтелбаев Рұслан Бейсембайұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    1977 жылы 4 шілдеде Алматы облысының Алакөл ауданындағы Андреевка ауылында дүниеге келген. Білімі: 1999 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығын электрификациялау және автоматтандыру» мамандығы бойынша аяқтады. 2005 жылы Қазақ ұлттық университеті Әл-Фараби атындағы «Қаржы» мамандығы бойынша білім алды. Әскери қызметі: 1999 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің әскери кафедрасында оқып, лейтенант әскери атағына ие болып, Алматы қаласының Ауэзов аудандық әскери комиссариатында запастағы офицерлер ретінде есепте тұр (ВУС № 261001).