
Құдайбергенов Бекет Ырзабайұлы
Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты
Мен Құдайбергенов Бекет Ырзабайұлы 2001 жылы 20 қаңтарда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бегімбет ауылында дүниеге келдім. Әкем Дүзімов Ырзабай Құдайбергенұлы 13.04.1964 ж. Айшуақ ауылында дүниеге келген, анам Меңдіғара Гүлшат Әбдіғалиқызы 08.01.1971ж Шетырғыз ауылында дүниеге келген. Отбасында төрт ағайындымыз. Үйдің үлкенімін менен кейін үш қарындасым бар. Қарындасым Ырзабайқызы Мерует 01.01.2003 ж. Айшуақ ауылында дүниеге келген, қазір Қауылжыр елді мекенінде тұрмыста, қарындасым Ырзабайқызы Нұрай 02.07.2004ж. Айшуақ ауылында дүниеге келген, қазір Алматы технология университетінде магистратурада білім алуда, кенже қарындасым Құдайбергенова Жұлдызай Ырзабайқызы 10.01.2007 ж. Айшуақ ауылында дүниеге келген. 2007-2018 жылдар аралығында ауылымыздағы Бекежан Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде білім алдым. 2018 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжіне оқуға түстім. 2021 жылы «Математика және информатика пәні мұғалімі» мамандығында диплом алдым.
