Әбшанов Оралбек Әбшанұлы

    Аким Айшуакского сельского округа

    Әбшанов Оралбек Әбшанұлы
    Аким

    Әбшанов Оралбек Әбшанұлы

    Аким Айшуакского сельского округа

    Өмірбаян

    Әбшанов Оралбек Әбшанұлы 1983 жылы 4 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Шалқар ауданы, Айшуақ совхозында Айшуақ орта мектебіне 1 класқа қабылданып, 2000 жылы Б.Сүлейменов атындағы орта мектебін бітіріп шықты. 2000 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «бастауыш кластар және есептеуіш техника негіздері» мамандығы бойынша 2003 жылы аяқтап шықты. 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің инженер-жүйе техник мамандығы бойынша түсіп, 2009 жылы бітірді. 2017 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетінің құқықтану мамандығы бойынша магистр атағын алды.

    Еңбек жолын 2003 жылы Б.Сүлейменов атындағы орта мектепке мұғалім болып қабылданды. Сол жылдан бері қазіргі уақытқа дейін информатика пәнінен сабақ берді. 2014 жылдан бастап мектеп директорының бейін ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2015 жылдан бастап мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2018 жылы 1 қыркүйектен бастап Б.Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры міндетін атқарушы қызметін атқарды.

    2018 жылдың 18 қазанынан бастап Айшуақ ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді.