Құдайбергенов Бекет Ырзабайұлы

    Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты

    Құдайбергенов Бекет Ырзабайұлы
    Әкім

    Құдайбергенов Бекет Ырзабайұлы

    Айшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты

    Өмірбаян

    Мен Құдайбергенов Бекет Ырзабайұлы 2001 жылы 20 қаңтарда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бегімбет ауылында дүниеге келдім. Әкем Дүзімов Ырзабай Құдайбергенұлы 13.04.1964 ж. Айшуақ ауылында дүниеге келген, анам Меңдіғара Гүлшат Әбдіғалиқызы 08.01.1971ж Шетырғыз ауылында дүниеге келген. Отбасында төрт ағайындымыз. Үйдің үлкенімін менен кейін үш қарындасым бар. Қарындасым Ырзабайқызы Мерует 01.01.2003 ж. Айшуақ ауылында дүниеге келген, қазір Қауылжыр елді мекенінде тұрмыста, қарындасым Ырзабайқызы Нұрай 02.07.2004ж. Айшуақ ауылында дүниеге келген, қазір Алматы технология университетінде магистратурада білім алуда, кенже қарындасым Құдайбергенова Жұлдызай Ырзабайқызы 10.01.2007 ж. Айшуақ ауылында дүниеге келген.

    2007-2018 жылдар аралығында ауылымыздағы Бекежан Сүлейменов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде білім алдым. 2018 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжіне оқуға түстім. 2021 жылы «Математика және информатика пәні мұғалімі» мамандығында диплом алдым.

    09.07.2021-31.12.2021 ж.ж. туған ауылым Бегімбет ауылындағы Б.Сүлейменов атындағы ЖОББМ-іне жастар тәжірибесімен жұмыс жасадым.

    2022 жылы 11 ақпанда Қорғаныс министірлігінен әскери билет алдым. Әскери билетте даярлығы жоқ, саптық емес қызметке жарамды деп көрсетілген.

    03.11.2022-04.09.2023 ж.ж.аралығында «Б.Сүлейменов атындағы ЖОББМ-інде» лаборант болып жұмыс жасадым.

    2023 жылы 9 тамыз күні «Айшуақ-Несібе» БСН 230840012821 ауылшаруашылық өндірістік кооперативін ашып, төраға болып қызмет еттім.