
Күмісқалиев Ержан Көпжасарұлы
Түпқараған ауданының әкімі
Ержан Көпжасарұлы Күмісқалиев 1983 жылы туған, білімі жоғары, 2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
Түпқараған ауданы әкімінің аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

Түпқараған ауданының әкімі
Ержан Көпжасарұлы Күмісқалиев 1983 жылы туған, білімі жоғары, 2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары
Жантуаров Дидарбек Басенұлы – 1986 жылы 1 қазанда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 2009 жылы М.Тынышпаев атындағы логистика және көлік академиясын «қызмет көрсету» мамандығы бойынша оқып бітірген.

Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары
Ильджанов Саламат Қожабергенұлы– 1990 жылдың 19 маусымында дүниеге келген. 2012 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша оқып бітірген.

Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары
Өсер Тоқтағанұлы – 1989 жылы 01 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Есеп және аудит», 2017 жылы – Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша оқып бітірген.

Түпқараған ауданы әкімі аппаратының басшысы
Нұржан Өтепбергенұлы – 1983 жылы 13 наурызда Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2004 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
1999-2001 жж. Алматы есеп-технологиялық колледжі, салық бойынша қаржыгер. 2001-2006 жж. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, экономист.

Түпқараған аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Нұржауов Мерей Исаұлы 1993 жылы 7 сәуірде Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келді.

Түпқараған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы
Сатыбаев Мақсат Ғалымұлы 1992 жылы 6 қарашада, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы.

Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
Малика Аскаровна – 1989 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 2010 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын "тарих пәні мұғалімі" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы
2001-2005 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, химия және биология пәні мұғалімі.

Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Құдайбергенов Болатбек Хажмұқанұлы 1993 жылы 21 қаңтарда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Аташ елді мекенінде дүниеге келген. Ж.Мыңбаев атындағы орта мектептен орта білім алып, 2013 жылы Халел Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінен құрлысшы мамандығын алды. 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Дене шынықтыру және спорт» пәні мұғалімі мамандығын оқып бітірді.

Персоналды басқару қызметі бөлімі құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Жадрасинова Алмагүл Әскербайқызы, 1972 жылы 21 желтоқсанда Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.

Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы
Болжабаев Советхан Фазылұлы 1987 жылы 15 шілде Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келді.

"Түпқараған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ
Дәулеткерей Оразалыұлы Меңдіханов – 1962 жылы 14 маусымда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыру бөлімінің басшысы
Нұрбаева Жанар Әзірбайқызы 1987 жылы 2 ақпанда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келді.

"Түпқараған аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ
Махмут Керім Ғалымұлы – 1992 жылы 23 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген.

"Түпқараған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ
Елемесов Айдос Джумажанович 7 қаңтар 1989 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. 1995 жылы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Құрық кентіндегі №2 орта мектепке бірінші сыныпқа барды. 2006 жылы Ақтау қаласындағы №28 орта мектепті тәмәмдады. 2006 жылы жоғарғы оқу орнына түсіп 2011 жылы қаржыгер мамандығы бойынша Алматы қаласындағы КазАТиСО университетін тәмәмдады.

Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Мақашов Әділет Захарұлы 25.12.1992 жылы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында дүниеге келді.

Баутин ауылының әкімі Түпқараған ауданы
Еркебұлан Қуанышқалиұлы 1985 жылы 6 қыркүйекте Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Ш. Есенов атындағы технология және инжиринг университетінің "құқықтану", 2018 жылы осы университеттің "экономика және бизнес" магистрі мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Таушық ауылының әкімі Түпқараған ауданы
Түпқараған аудан әкімі А. Қосуақовтың 7 желтоқсан 2020 жылы № 65 өкімімен Таушық ауылы әкімі лауазымына Бақтыбаев Нұржан Бақтыбайұлы тағайындалды. Бақтыбаев Нұржан Бақтыбайұлы 1994 жылы 29 мамырда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Таушық ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2016 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің техникалық машиналар мен жабдықтар мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қызылөзен ауылының әкімі Түпқараған ауданы
Түпқараған аудан әкімі А. Қосуақовтың 7 желтоқсан 2020 жылы № 66 өкімімен Шарипов Қабылбек Айтбайұлы Қызылөзен ауылы әкімі лауазымына тағайындалды. Шарипов Қабылбек Айтбайұлы 1984 жылы 29 тамызда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Актау университетін мұнай және газ факультеті бойынша, 2007-2009 жылдары М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясын жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті бақылау мамандығы бойынша, 2011-2013 жылы Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университетінің құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ақшұқыр ауылының әкімі Түпқараған ауданы
Жәнібек Еркебұлан Қуатұлы 1989 жылы 12 сәуірде Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген. 2006-2011 жж. аралығында Ш. Есенов ат. КМТжИУ "Жергілікті және мемлекеттік басқару" мамандығын тәмамдаған.

Форт-Шевченко қаласының әкімі Түпқараған ауданы
Бауыржан Хамитұлы 1993 жылы Түпқараған ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін "Аргарлық техника және технология" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмәмдады.