Құдайбергенов Болатбек Хажмұқанұлы

    Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

    Құдайбергенов Болатбек Хажмұқанұлы
    Бөлім басшысы

    Құдайбергенов Болатбек Хажмұқанұлы

    Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Құдайбергенов Болатбек Хажмұқанұлы 1993 жылы 21 қаңтарда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Аташ елді мекенінде дүниеге келген. Ж.Мыңбаев атындағы орта мектептен орта білім алып, 2013 жылы Халел Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінен құрлысшы мамандығын алды. 2019 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Дене шынықтыру және спорт» пәні мұғалімі мамандығын оқып бітірді.

    Еңбек жолын 2012 жылы «Түпқараған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде таэквондо спортынан жаттықтырушы болып бастады.
    2014 жылы Түпқараған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде кикбоксинг үйірмесінің жаттықтырушысы;
    2019 жылы Түпқараған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары;
    2023 жылдың сәуір айынан бастап аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының міндетін атқарушы.
    2023-2026 жылдар аралығында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директоры болды;
    2026 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін "Маңғыстау облысы ұлттық спорт түрлері орталығы" КММ басшысының қаржылық және ұйымдастыру бойынша орынбасары қызметін атқарды.
    18.08.2026 ж. Бөлім басшысы, «Түпқараған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері