Шарипов Қабылбек Айтбайұлы

    Қызылөзен ауылының әкімі Түпқараған ауданы

    Шарипов Қабылбек Айтбайұлы
    Аким

    Шарипов Қабылбек Айтбайұлы

    Қызылөзен ауылының әкімі Түпқараған ауданы

    Өмірбаян

    Түпқараған аудан әкімі А. Қосуақовтың 7 желтоқсан 2020 жылы
    № 66 өкімімен Шарипов Қабылбек Айтбайұлы Қызылөзен ауылы әкімі лауазымына тағайындалды.
    Шарипов Қабылбек Айтбайұлы 1984 жылы 29 тамызда Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2006 жылы Ш.Есенов атындағы Актау университетін мұнай және газ факультеті бойынша, 2007-2009 жылдары М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясын жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті бақылау мамандығы бойынша, 2011-2013 жылы Маңғыстау гуманитарлық-техникалық университетінің құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
    Еңбек жолын 2007 жылы Түпқараған ауданы әкімі аппаратында бас маманы болып бастаған.
    2008 жылы Түпқараған аудандық жер қатынастар бөлімінде бас маман, 2010 жылы Түпқараған аудандық сәулет, құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі болған.
    2011 жылы ЖШС «OilTransServices» және ЖШС «НурСтройАктау» заңгері,
    2012-2016 жылы «Каспий СтройСервискомплект» ЖШС-ның учаске басшысы,
    2018-2019 жылы Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы,
    2020 жылдан бастап «Түпқараған ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыру бөлімінің бас маман қызметін атқарған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері