Қызметкерлер — Қарағанды қаласының әкімдігі

    Қарағанды қаласының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    6
    Кожакапанов Рустем Максатович
    Қызметкерлер

    Кожакапанов Рустем Максатович

    Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары

    Еңбек жолын 2006 жылы «Гелиос» ЖШС фирмасының Қарағанды филиалында бастап, «Карэлектроспецстрой» ЖШС электр монтаждаушысы болып жұмысын жалғастырды; 09.08.2011 - 01.04.2015 «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жол инфрақұрылымын дамыту және жұмыс істеу бөлімінің бас маманы; 01.04.2015 – 07.11.2016 «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ автомобиль жолдары секторының меңгерушісі; 07.11.2016 – 03.12.2019 «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты үйлестіру бөлімінің басшысы; 04.12.2019 ж – «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары. 07.06.2023 ж- Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

    Ақылжанова Ляззат Төкенқызы
    Әкімінің орынбасары

    Ақылжанова Ляззат Төкенқызы

    Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары

    Ақылжанова Ляззат Төкенқызы 1976 жылғы 3 қазанда Абай облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, мамандықтары бойынша заңгер, экономист, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті басқару саласының магистрі.

    МәдениетБАҚ
    Құдабаев Дастан Амангелдіұлы
    Қызметкерлер

    Құдабаев Дастан Амангелдіұлы

    Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары

    1990 жылы 21 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (2011) "Қаржыгер" мамандығы * Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (2013) "Заңгер" мамандығы · Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (2014) Техника және технология магистрі * Алматы Экономика және статистика академиясы (2019) Экономика ғылымдарының магистрі

    Қамзин Қайрат Амангелдіұлы
    Қызметкерлер

    Қамзин Қайрат Амангелдіұлы

    Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары

    1976 жылы 30 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. "Машина жасау технологиясы" мамандығы бойынша жоғары білімі бар. 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітіріп инженер-механик біліктілігі бар

    Поведа Станислав Теодорович
    Қызметкерлер

    Поведа Станислав Теодорович

    Қарағанды қаласы әкімі аппаратының басшысы

    1983 жылы 1 шілде Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша аяқтады. Қарағанды экономикалық университетін "құқық"мамандығы бойынша аяқтады.

    Басқа қызметкерлер

    15