
Қамзин Қайрат Амангелдіұлы
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1976 жылы 30 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
"Машина жасау технологиясы" мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
1998 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітіріп
инженер-механик біліктілігі бар
Еңбек жолын 1999 жылы "Азия Центр и К" ЖШС автослесарь лауазымында бастады.
2001 жылдан бастап "Водоканал" ААҚ шарттар бойынша бас маман қызметің атқарды.
Мемлекеттік қызметте еңбек жолын Қарағанды облысы бойынша реттеу және метрология комитет басқармасында 2003 жылы жетекші маман.
2006 жылдан бастап ауысуына байланысты Қазыбек Би аудан әкімінің аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымында жұмысын жалғастырды.
2007 жылы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне бас маман лауазымына ауысты.
2008 жылдан бастап қайта ұйымдастыруға байланысты
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстарды реттеу агенттігі департаментінің
Қарағанды облысы бойынша техникалық реттеу бөлімінің бас маманы лауазымына ауысты.
2009 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстарды реттеу агенттігі департаментінің Қарағанды облысы бойынша техникалық реттеу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2010 жылы Қазан айынан бастап басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты
Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2012 жылғы қарашадан 2021 жылғы наурызға дейін
саяси қызметке тағайындаумен Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімі болып қызмет атқарды.
2021 жылдың наурыз айынан бастап Конкурс қорытындысы бойынша
Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының лауазымына тағайындалды.
2022 жылдың шілдесінен бастап конкурс қорытындысы бойынша Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы болып тағайындалды.
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың мамырына дейін
Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімі лауазымында қызмет атқарды.
24 мамырдан бастап конкурс қорытындысы бойынша
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.




