Ақылжанова Ляззат Төкенқызы

    Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары

    Ақылжанова Ляззат Төкенқызы
    Заместитель акима

    Ақылжанова Ляззат Төкенқызы

    Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Ақылжанова Ляззат Төкенқызы 1976 жылғы 3 қазанда Абай облысында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, мамандықтары бойынша заңгер, экономист, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті басқару саласының магистрі.

    Еңбек жолын 1999 жылы бастап, ішкі істер органдарында қызмет атқарған.

    2003–2005 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде жұмыс істеп, депутаттың көмекшісі, Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің аға сарапшысы және бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

    2005–2010 жылдары «Нұр Астана» ЖШС-де заңгер болып жұмыс істеген.

    2011–2012 жылдары «Қазпошта» АҚ Сыртқы байланыстар департаментінің менеджері қызметін атқарған.

    2012 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясы аппаратының басшысы болған.

    2012–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі қызметін атқарған.

    2014–2016 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің бас сарапшысы болып жұмыс істеген.

    2016–2019 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің абаттандыру мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

    2019–2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Алматы қаласы Статистика департаменті заң басқармасының басшысы болған.

    2020–2022 жылдары «Қарағанды қаласының Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған.

    2022–2025 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болған.

    2025 жылы Satbayev University Бизнес-мектебі директорының орынбасары қызметін атқарған.

    2026 жылдан бастап Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері