Құрылым — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Мәжбүрлеп орындату комитеті

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті

    Комитет реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындайды, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындаудың мемлекеттік саясаты саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысады

    adilet-kpi

    ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті

    Комитет заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді, азаматтық хал актілерін және апостиль қою, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікті кепілге қоюды тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру, заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.

    adilet-krs
    Зияткерлік меншік құқығы комитеті

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті

    «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

    adilet-kis