Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 41/274-VIII «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешімі.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1.Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 6-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 2.Осы Қағидалар ұсталған көлік құралдары мен кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда жеткізу (эвакуациялау), есепке алу және уақытша сақтау бойынша туындайтын қатынастарды реттейді. 2-тарау.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде, Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда ұсталған автомобиль көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізу (эвакуациялау), есепке алуды және уақытша сақтауды ұйымдастырутәртібі 3.Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жеткізуді (эвакуациялауды) ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әскери полиция, көліктік бақылау органдары өз өкілеттіктері шегінде, орман және аңшылық шаруашылығы органдары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде), ветеринария саласындағы уәкілетті органның, өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде ұстап қалу себептері жойылғанға дейін жүзеге асырады. 4.Көлік құралын уақытша сақтау үшін жеткізуді (эвакуациялауды) жергілікті атқарушы органдар да өз құзыреті шегінде жүзеге асыра алады. 5.Жеткізуге (эвакуациялауға) дейін уәкілетті лауазымды адам көлік құралына, кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге сыртқы қарап-тексеру жүргізеді және оның жай-күйін қабылдау-тапсыру актісінде тіркейді. 6.Жеткізу (эвакуациялау) кезінде көлік құралын (кемені) қабылдау-тапсыру актісі жасалады, онда: 1)көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің сәйкестендіру деректері; 2)ұсталған және жеткізілген күні мен уақыты; 3)ұстап алу негізі; 4)жеткізуді жүзеге асырған адамның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты; 5)өткізіп беру кезінде көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің техникалық жай-күйі. 7.Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған көлік құралдары, кемелер, оның ішінде шағын көлемді кемелер жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарда немесе тұрақтарда уақытша сақтауға жатады. 8.Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені қабылдау кезінде алаңның жауапты адамы оған көзбен шолып қарап-тексеруді жүзеге асырады және оның жай-күйін қабылдау-тапсыру актісіндегі деректермен салыстырып тексереді. Актіде көрсетілмеген зақымданулар анықталған жағдайда, олар қабылдау-тапсыру актісіне міндетті түрде енгізілуге жатады. 9.Көлік құралдарын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені сақтауды ұйымдастыру мынадай талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады: 1)арнайы алаңдардың (тұрақтардың) аумағы рұқсатсыз кіруге жол бермейтін қоршаумен қамтамасыз етіледі; 2)кіру және шығу техникалық құралдарды (шлагбаумдарды, қақпаларды және өзге де құрылғыларды) орнату арқылы бақыланады; 3)аумақтың тәулік бойы күзеті қамтамасыз етіледі. 10.Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылатын және коммуналдық меншіктегі арнайы алаңдарды немесе тұрақтарды күтіп-ұстау және пайдалану жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жарияланды:
Ақпарат
Халықпен жұмыс
Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына қатысты мәселелер бойынша халықпен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізеді. Халықпен жұмыс аясында азаматтарды жеке қабылдау, тұрғындармен кездесулер өткізу, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялар мен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.
Жарияланды:
Ақпарат
«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініштер туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың басынан бері Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына азаматтар мен ұйымдардан «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 406 өтініш келіп түсті. Негізгі мәселелер бойынша өтініштер төмендегідей бөлінді: автомобиль жолдары саласы бойынша – 92 өтініш; жолаушылар көлігі мәселелері бойынша – 60 өтініш; басқа мәселелер бойынша – 6 өтініш; қарау үшін басқа мемлекеттік органдарға жолданғаны – 235 өтініш. Барлық келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Басқарманың құзыреті шегінде қаралады.
Жарияланды:
Ақпарат
2026 жылдың 9 айы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер
«Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» (әрі қарай – Басқарма) 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. №39/НҚ бұйрығы негізінде 4 мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші болып табылады. 1)Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру; 2)Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру; 3)Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруды келісу; 4)Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынас автомобиль жолаушылар тасымалымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау. 2026 жылдың 1 қаңтарынан 29 қыркүйекке дейінгі кезеңдекелесідегідей мемлекеттік қызметтер көрсетілді: - Қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қалааралық қатынаста жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен жолаушыларды тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру - 4 лицензия берілді, бір жеке тұлғаға лицензия беруден негізді түрде бас тартылды. - Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру -50 жеке тұлғаға куәлік берілді, 18 жеке тұлғаға негізді бас тартылды. - Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (селолық) және қала маңындағы қатынас автомобиль жолаушылар тасымалымен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау бойынша – 56 қызмет көрсетілді. Жалпы Басқармамен 3 мемлекеттік қызмет түрі бойынша - 129 қызмет көрсетілді, оның ішінде – 19 жеке тұлғаға негізді бас тартылды. Басқарма көрсететін барлық қызметтер автоматтандырылған.
Жарияланды:
Ақпарат
Абай облысының жол инфрақұрылымы
Абай облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерінің (бұдан әрі – көше-жол желісі) жалпы ұзындығы 7 868км құрайды. Оның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 1 588 км, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 2 884км, елді мекендердің көшелері – 3 396 км. Ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстары жоспары аясында жалпы ұзындығы 226 км болатын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен көше-жол желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген, оның ішінде: облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 учаскесінде жалпы ұзындығы41км; аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 10 учаскесінде жалпы ұзындығы 108 км; елді мекендердің көше-жол желісінің 80 км учаскесінде.
Жарияланды:
Анықтама
Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері