Абай облысының әлеуметтік маңызы бар теміржол маршруттары

    Бүгінгі күні Абай облысының аумағында Ақтоғай – Аягөз, Семей – Шар және Семей – Жалаңашкөл әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыттары бойынша жолаушылар тасымалы жүзеге асырылуда.

    2026 жылдың басынан бастап аталған әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыттары бойынша 22 225 жолаушы тасымалданды.

    Оның ішінде:

    * Ақтоғай – Аягөз бағыты бойынша – 11 474 жолаушы;
    * Семей – Шар бағыты бойынша – 5 091 жолаушы;
    * Семей – Жалаңашкөл бағыты бойынша – 5 660 жолаушы.

    Әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыттары Абай облысының елді мекендері арасындағы тұрақты жолаушылар қатынасын қамтамасыз етіп, халықтың көлік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Семей халықаралық әуежайы» ЖШС" жаңалықтары