Абай облысы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру

    1. Абай облысының әкімдігі, «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ тұлғасында 2026 жылдың 20 қараша күні сағат 10.00-де өтетін маршруттарға қызмет көрсету құқығына конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

    2. Конкурсқа мынадай маршруттар шығарылады:

    Лот № 1

    Семей – Шемонайха, ұзындығы 125 км

    Лот № 2

    Семей – Жерновка –Жаңа Шүлбі–Песчанка,ұзындығы– 127 км

    Лот № 3

    Семей – Өскемен, ұзындығы 218 км

    Лот № 4

    Семей – Риддер,ұзындығы– 298 км

    Лот №5

    Семей – Ескі бекініс, ұзындығы– 17 км

    Лот № 6

    Семей – Қалбатау – Жаңғызтөбе, ұзындығы – 193 км

    3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

    4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нен конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110 мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.

    5. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 6 қараша.

    6. 2026 жылдың 28 қазан сағат 10.00-де конкурстық Комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.

    7. Анықтама алу үшін телефон: 35-55-14

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Семей халықаралық әуежайы» ЖШС" жаңалықтары