
Нәсір Нүркен Талғатұлы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1996 жылғы 11 қаңтарда Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 2018 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, 2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2019 жылы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрлігінде бастап, стратегиялық жоспарлау, цифрлық трансформация, электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту салаларында сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарған. Стратегиялық талдау, мониторинг, бизнес-процестерді реинжинирингтеу және салалық даму бағыттарымен айналысқан.
2023–2024 жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.
2024 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімінің аппаратында хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау бөлімінің бас инспекторы, сондай-ақ Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында өнеркәсіп, экспорт және индустриялық аймақтарды дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2025 жылғы 25 желтоқсаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары.


