
Мүсірепов Ғабит Дәулетұлы
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1987 жылы 23 қазанда Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген.
Шет тілдер және іскерлік мансап университетін «Дінтану» мамандығы бойынша, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Өңірлік даму» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Ақтау қаласының Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің үрмелі аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған (мектеп жылдары).
Әр жылдары «Positive Aktau» жеке жастар қорының дінтанушысы, Маңғыстау облысы дін істері басқармасының бас маманы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссия бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
2018 жылдан 2022 жылға дейін Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің және Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2023-2026 жылдары Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде жұмыс істеді, онда ректор кеңсесінің басшысы, жобалық кеңсенің General Manager және ректор аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды.
2026 жылдың маусым айында Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2026 жылғы 25 маусымнан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.


