Байжанова Ардақ Балтабайқызы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ішкі аудит қызметінің басшысы
Өмірбаян
Білімі жоғары. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылдың қараша айында «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді. 2023 жылдың қараша айында «Жоғары санатты мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы жұмыс өтілі 20 жылдан астам уақытты құрайды, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында 18 жылдан астам уақыт.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Астана бойынша басқармасында жетекші маман болып жұмыс істеді, кейіннен 2008 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігі, Статистика агенттігінде, Ұлттық экономика министрлігінде бас сарапшы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас консультанты-мемлекеттік аудитор лауазымында жұмыс істеді, кейіннен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде қайта тағайындалды.
2026 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды.
