Жолманов Азамат Сағатұлы

    Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

    Жолманов Азамат Сағатұлы
    Қызметкерлер

    Жолманов Азамат Сағатұлы

    Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

    Өмірбаян

    Азамат Сағатұлы Жолманов «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген. 2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

    Еңбек жолын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар департаментінің сарапшысы лауазымынан бастаған. Одан кейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ғылыми-зерттеу Институтында ғылыми қызметкер, Сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, Мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби дамыту институты директорының орынбасары, Қарағанды облыстық филиалының директоры, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Стратегиялық әзірлемелер және халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры лауазымдарын атқарды. 2022-2025 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды.

    ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, Астана қ. (2025 жылғы 27 ақпан).