
Байтуғанов Фархат Тастайбекұлы
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Байтуганов Фархат Тастайбекұлы 1998 жылы Алматы технология және бизнес университетіне түсіп, 2003 жылы Алматы қаласындағы «Қайнар» университетін ақпараттық жүйелер мамандығын алған. 2010 жылы Шымкент университетіне құқықтану мамандығына түсіп, 2012 жылы бітірген. 2016 жылы Шымкент қаласындағы «Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетіне» түсіп, 2018 жылы музыкалық білім мамандығын алған.
28.11.1995 – 09.01.2001 жылдар аралығында «ENDER» фирмасында менеджер, аға менеджер,коммерциялық бөлім бойынша бастық орынбасары қызметтерін атқарған.
01.08.2002 – 01.08.2004 жылдар аралығында «Түркібасы» лицейінің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
05.09.2005 – 21.12.2005 жылы «Түркібасы» лицейінің информатика пәнінің мұғалімі.
21.12.2005 – 12.05.2006 жылдары Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің бас маман міндетін атқарушы.
12.05.2006 – 17.07.2018 жылдар аралығында Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің бас маманы.
17.07.2018 – 10.10.2021 жылдар аралығында Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің басшысы.
11.10.2021 – 26.06.2023 жылдары Түлкібас аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің басшысы.
26.06.2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Түлкібас аудан әкімі аппаратының басшысы қызметін атқаруда.



