
Нұрлыбай Асыл Сәтбайұлы
Аудан әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Нурлыбай Асыл Сатпайұлы 2009 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне түсіп, 2014 жылы қаржы мамандығы бойынша бітірген.
04.01.2011-05.01.2014 жылдар аралығында «Қасымбек С.Н» жеке кәсіпкерлігінде бас есепші.
05.01.2014-23.06.2014 жылдары «Қасымбек С.Н» жеке кәсіпкерлігінің атқарушы директоры.
01.07.2014-30.01.2015 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің көріктендіру секторының бас маманының міндетін атқарушы.
30.01.2015-21.07.2016 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің көріктендіру секторының бас маманы.
15.02.2019-15.04.2019 жылдары Майлыкент ауылдық округі әкімінің орынбасарының міндетін уақытша атқарған.
15.04.2019-17.03.2020 жылдары Майлыкент ауылдық округі әкімінің орынбасары.
18.03.2020-05.06.2020 жылдары Шақпақ ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарған.
05.06.2020-22.06.2020 жылдары Шақпақ ауылдық округінің әкімі.
22.06.2020-13.01.2022 жылдары Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
13.01.2022-09.10.2023 жылдары Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.
09.10.2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаруда.



