
Анашбеков Талғат Әбдіқадырұлы
Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы, Арыс қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
Талғат Әбдіқадырұлы 1975 жылы дүниеге келген. Яссауи атындағы ХКТУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың түлегі. Білімі - жоғары. Мамандығы - Эколог, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Еңбек жолында бөлімше бригадирінің көмекшісі, аудандық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі бөлімінің бас маманы, ауданы әкім аппараты ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, әкім аппараты ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімі аппаратының басшысы, облыс әкімінің аппараты әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау бөлімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарған.
Мекен-жай: Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі №3, «Арыс қаласы әкімі аппаратының» ғимараты, 2 қабат, 202 кабинет. Байланыс нөмері: 8 /72540/ 5-92-04



