Маңқараев Қайсар Зәкірұлы

    Арыс қаласы әкімі

    Маңқараев Қайсар Зәкірұлы
    Аким

    Маңқараев Қайсар Зәкірұлы

    Арыс қаласы әкімі

    Өмірбаян

    Қайсар Маңқараев 1979 жылы, 9 сәуірде дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандықтары: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану.

    Қайсар Маңқараев 1979 жылы, 9 сәуірде дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандықтары: бухгалтерлік есеп және аудит, құқықтану. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі: 16 жыл, 9 ай. Еңбек жолын 2000 жылы бастап, Шымкент қаласында, «Береке» ЖШС-інде кассир, менеджер, экономист болып жұмыс істеген. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының дәрменсіз кәсіпорындарға мониторинг бөлімінің жетекші маманы болды. Ал 2005-2010 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі органдарында еңбек еткен. 2010-2016 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасы Парламенті шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында басшылық лауазымдарында, Орал қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарды. 2016-2022 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі, Нұр-Сұлтан қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды. 2022 жылдан бері Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері