
Айтбаев Рысдәулет Пайланұлы
Қала әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Рысдәулет Пайланұлы 1964 жылы дүниеге келген. Қазақ химия-технологиялық институтын, Мирас университетін бітірген. Білімі – жоғары. Мамандығы - инженер-технолог, қаржы бакалавры.
Еңбек жолында Жданов кеңшарының құрылыс цехында жұмысшы, Арыс қалалық атқару комитеті жанындағы экология бөлімінің жетекші маманы, Арыс аудандық экология және биоресурстар басқармасында мемлекеттік инспектор, Арыс қаласы әкімшілігі жер пайдалану және қорғау жөніндегі комитетінде мемлекеттік инспектор, Арыс қаласы әкімшілігі жер пайдалану және қорғау жөніндегі комитетінде төраға қызметін уақытша орындаушы, Арыс қаласы әкімшілігі жер пайдалану және қорғау жөніндегі комитетінде төраға, Арыс қалалық жер инспекциясының төрағасы, Арыс қаласының жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарған.



