
Өмірбаян
Нұғыманова Гүлсім Зейнуллақызы 1972 жылы туған.
1991 жылы Талдықорған заң техникумын «юрист», 2001 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «заңгер», 2009 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «инженер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Қызылорда облыстық зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының операциялық бөлімінің инспекторы болып бастаған.
08.06.1992-06.06.1994 жж. аралығында ауысу тәртібімен Қызылорда қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің инспекторы;
07.06.1994-15.03.1996 жж. аралығында Ауысу тәртібімен Ленинск қалалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының ІІ-санаттағы зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі маманы;
15.03.1996-08.06.1999 жж. аралығында Қызылорда қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының зейнетақы және жәрдемақы жеткізу бөлімінің жетекші маманы, Қызылорда қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының зейнетақы төлеу бөлімінің І-санаттағы маманы, Қызылорда қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының зейнетақы тағайындау бөлімінің І-санаттағы маманы,бас маманы, Қызылорда қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының 10-санатты бас маманы;
27.08.1999-31.03.2008 жж. аралығында Жолаушылар тасымалы» ЕМК Батыс аймақтық филиалы Қызылорда қаласының вокзалында сылап-қалаушы, 01.12.2001-19.05.2008 жылдары Қызылорда қаласының вокзалына вагон сейфке түсімді жинау бойынша 4 р. кассирге үйренуші, Қызылорда қаласының вокзалына вагон сейфке түсімді жинайтын кассир, Қызылорда қаласының вокзалына жолаушылар телімінің вокзал сейфке түсімді жинайтын кассирі, Қызылорда филиалының «Компания жолаушылар Транс» ЖШС-нің инженер-экономист, 1-санаттағы инженер-экономист, техник, Қызылорда» филиалының «Батыс» филиалына ауыстыруына байланысты жолаушылар вагонына жолсерік, Қызылорда аймақтық «Жетісу» филиалының жолаушылар вагонының жолсерігі, «Сұңқар» ЖШС-нің жолаушылар вагонының жолсерігі, «Nomadas» ЖШС-нің жолаушылар вагонының жолсерігі қызметтерін атқарған.
06.11.2014-19.02.2019 жж. аралығында Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы;
19.02.2019 жылдан бастап Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымына тағайындалды.




